
Мекен жайы: Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Қ.Рысқұлбеков көшесі, 13 А
Қолданысқа берілді 1970жылы 1 қыркүйек
Жалпы ауданы: 4453
Жобалық қуаты 826
Оқушылар контингенті 1389
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету Түркістан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2023 жылдың 20 қарашада күні берілген иеліктен шығарылмайтын 1- сынып №KZ47LAA00035827 білім беру лицензиясын алды.

2002 жылдың қараша айында ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша №3 жалпы орта мектебіне Патшайым Тәжібаеваның есімі беріліп, ескерткішінің ашылу салтанаты болып өтті. Дүбірлі жиынға П.Тәжібаеваның қызы, аль-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Құралай Аққошқарова да қатысты.Ғалым туралы жазушы Сәбит Досанов, Парламент мәжілісінің депутаты Қуаныш Төлеметов, облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаев және басқа да қонақтар өздерінің жылы лебіздері мен П.Тәжібаева туралы естеліктер айтты.